Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көмектесіңіздерші»

04.02.2026, 10:50 35

Көкшетауда полицейлер көмек сұраған 6 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


ППБ командирі Азамат Кабиевтің басшылығымен Саин көшесін патрульдеу кезінде полицейлер баланың көмек шақырған дауысын естіген. Сақшылар қызметтік көлікті дереу тоқтатып, жол жиегіндегі арыққа аяғы түсіп кеткен баланы байқаған. Ол өздігінен шыға алмағандықтан қатты қорқып, жылап қалған.

– Полиция қызметкерлері баланы дереу арықтан шығарып, көлікке отырғызды. Су болған киімін шешті. Полицейлер оның тұрғылықты мекенжайын анықтап, баланы үйіне жеткізіп, анасына тапсырды. Белгілі болғандай, бала мектептен үйіне жалғыз қайтып келе жатқан, — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: