Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

02.02.2026, 1:04 32

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасарлары мен қала әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

Аймақ басшысы алдымен «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Бас мердігер «ASPAN HOLDING», бас жобалаушы «Жоба», техникалық қадағалаушы «Строй-Проф» серіктестіктері қолға алған, аумағы 25 мың шаршы метр болатын нысан үш және төрт қабатты блоктардан тұрады. Кешен олимпиадалық стандарттарға сай келетін 50 метрлік бассейнмен, Азия, Әлем чемпионаттары сияқты ауқымды жарыстар өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарымен қамтылады. Ғимартта 150 орынға арналған конференциялық зал орналастырылады. Қасбеті алюминий панельмен қапталады. Витраждар өртке төзімді әйнектермен жабылады. Кешен құрылысы екінші жартыжылдықта аяқталады.

Келесі нысан — бір ауысымда 100 келушіге қызмет көрсететін емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухана.
Бас мердігер «Мелиоратор» серіктестігі 36 млрд 416 млн теңгенің жобасын іске асыруда. Нысан 10 блоктан, атап айтқанда, емхана, пансионат, конференц-зал, тамақтану, физиотерапия, қабылдау, әкімшілік, реанимация, химио және радиотерапия, сондай-ақ, операция бөлімдерінен тұрады. Заманауи талаптарға сай аурухананы биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған құзыреттілік орталығының құрылысы да назардан тыс қалмады. Жастардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған нысан екі қабатты, сыйымдылығы 215 орын. Мұнда түрлі қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған 100 орындық конференц-зал, 20 орындық СІР залдар, 25 адамдық көрме залы қарастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: