Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздегі жаңа конституцияның жобасы жарияланды

31.01.2026, 12:17 34

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қоғам талқысына ұсынды. Құжат азаматтардан, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстарды жүйелеу, ашық талқылаулар өткізу және мәтінді құқықтық тұрғыдан пысықтау нәтижесінде әзірленгені айтылды.

Комиссия мәліметінше, бастаманың түп өзегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған парламенттік модельді жаңғырту идеясы жатыр. 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауда бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныс көтерілген.
Одан кейін 2025 жылғы 8 қазанда жұмыс тобы құрылып, алты ай шамасында елден түскен 2 мыңнан аса ұсыныс қаралғаны көрсетіледі.

Заң жобасын мына сілтемеден көруге болады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: