«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Қышқаладан үлкен кесененің орны табылды

15.06.2020, 16:10 306 0

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылының аумағында орналасқан Қышқала қалашығы орнынан көне кесене табылды.

Бұл жұмыстар Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі тарапынан қолға алынып отыр. Қазба жұмыстары Алтын орданың 750 жылдығы аясында жүзеге асырылуда. Игілікті іс облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

«Биыл елімізге белігілі археолог Мадияр Елеуов жетекшілік жасайтын археологиялық экспедиция кең көлемді археологиялық зерттеу шараларына назар аударып отыр. Жұмыс барысында консервациялық шаралар атқарылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қалашықтың шетінде орналасқан кесененің орны толық аршылуда. Қазбаның нәтижесімен кесененің көлемі үлкен екендігі анықталды. Ол толық қыштан тұрғызылған. Сонымен қатар, биыл өткен жылғы қазба барысында анықталған құрылыс нысандарына және қыш күйдіретін пеш орындарына қазба жүргізіледі», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің мамандары.

Экспедицияға археологтар, жас ғалымдар және жергілікті ауыл тұрғындары тартылған. Айта кететін жайт, Қышқаладағы археологиялық зерттеулер 2018 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қышқала туралы halyqline.kz сайтында жарияланған материалды оқи отырыңыздар:


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: