«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Манап Көкеновтың арманы

19.09.2020, 10:00 175 0

HALYQLINE.KZ  1992 жыл. Ел тәуелсіздік алып, енді-енді қаз басқан қадамы әлі әлді емес еді. Ауыртпалықтың өтпелі кезеңге келген тұсы. Халықтың тұрмыстық жағынан қиналғанмен рухани әлемі жұтаймаған, ертеңге деген сенімі ортаймаған шақ болатын. Бұған дейін ферма орталығы, үшінші Талап аталатын оймақтай ауылдың ой-арманы өзіне жетіп артылатын. Соның сәті туды ма, ауылда ойламаған жерден орамды ұсыныс жасалды. Көзі тірісінде халық ақыны Манап Көкеновтың есімін мәңгі қалдыру мақсатында ауылға атын беру туралы жалпы жиналыс өткізді. Тұрғындар бірауыздан арқалы ақынды ардақтау қажет деп тапты. Жиналыстан соң ферма басшысы Мәжит Балқожаев жағымды жаңалықты естірту үшін Манап ақынның үйіне келді. Қайраты қайтса да қанаты талмаған, өзі шаршаса да сөзі ширақ ақын бұл ұсынысқа терең ой жіберіп, тебірене сөйледі.

– Шырағым, Мәжит, бұл жалғанда халқыма ризамын. Төбесіне қоя білді. Мемлекетке ризамын. Мерейімді өсірді. Өнерімді сыйлады, өркенім желкенді қайықтай еркін есті. Мұның бәрі Манапты халықтың адамы қылды. Сендер ауылға атымды берсек дейсіңдер, әрине осындай құрметке жеткен де бар, жетпеген де бар. Елдің ниетіне ешқандай қарсы пікірім жоқ. Бірақ менің ішімді өртеген бір арман қалып барады. Басым сәждеге тимеді. Соның салмағы ауырлау болып тұр, – деді ол.

Осыдан көп уақыт өтпей халық ақыны өмірден өтті. Ел оның көзі тірісінде көрген жаңалыққа шүкірлік етті. Бірақ олар оның өкінішін естімеген еді. Оны бүгін ғана жариялап отырмыз.

Жалпы жиналыстың қорытынды шешімі 2005 жылы Манап ауылдық округі болып заңды тіркелген соң арқалы ақынның аты мәңгілікке ұласты.

Қаныбек ӘБДУОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: