«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 418.41 (-0.26)

  • EUR: 507.95 (0.31)

  • RUB: 5.69 (-0.02)

Жаңақорғанда жаңадан бір науқас анықталды

14.05.2020, 10:07 419 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 232 адамға жетті. Соңғы тәулікте жаңадан анықталған 1 жағдай туралы бүгін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

– Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 232 жағдай тіркелді. Соңғы тәулікте жаңадан 1 жағдай анықталды. Аталған науқас – Жаңақорған ауданынан. Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында жұмыс жасаған, – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, COVID-19 індетін жұқтырған өңірдегі 232 науқаспен байланыста болғандардың жалпы саны – 3270. Оның ішінде, жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 1798, ықтимал байланыста болғандар – 1472 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда барлығы бақылауға алынып, оқшауланған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облысымыздағы жұқпалы аурулар ауруханасында – 53, правизорлық стационарда – 16, карантиндік стационарда – 93 адам бақылауда.

Брифингте Жақсылық Әбілқасымұлы мәлімдегендей, өткен тәулікте облысымызда коронавирустық инфекцияға байланысты 583 тест сынамасы жасалыпты.

– Соңғы тәулікте 583 тест сынамасы жасалды. Оның 582 – теріс мәнді болып шықты. Біреуі оң нәтиже берді, – деді ол.

Сондай-ақ, басқарма басшысы облыс тұрғындарына таза ауада көбірек жүруге кеңес берді.

– Коронавирустық инфекциядан сақтанудың қарапайым жолдарының бірі – таза ауада көбірек жүру. Ол – иммунитетті күшейтіп, вирустық инфекцияға қарсы төзімділікті қамтамасыз етеді. Сондықтан, үйде, жұмыс орнында, қоғамдық және көпшілік орындарды тұрақты және жиі желдетіп тұру керек, – деді Ж. Әбілқасымұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: