«Халық» газетіне – үздіктер қатарында!

  • USD: 421.91 (1.24)

  • EUR: 511.57 (0.58)

  • RUB: 5.59 (0.01)

Қызылорда: 825 медицина қызметкеріне үстемеақы бөлінді

15.12.2020, 15:00 122 0

HALYQLINE.KZ Қараша айының қорытындысы бойынша COVID-19 және вирустық пневмониямен күреспен айналысатын аймақтың 825 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 138 734,4 мың теңге үстемеақы бөлінді.

Наурыз айынан қазан айына дейін үстемақы алғандар:

Наурыз айында 520 медицина қызметкеріне қосымша 66 779,4 мың теңге төленді.

Сәуірде – 1 921 медицина қызметкері, 315 817,7 мың теңге;

Мамырда – 1 874 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге;

Маусымда – 2 392 медицина қызметкері, 417 499,1 мың теңге;

Шілдеде – 3 452 медицина қызметкері, 948 280,4 мың теңге;

Тамызда – 2 453 медицина қызметкері, 409 641,6 мың теңге;

Қыркүйекте – 839 медицина қызметкері, 99 593,9 мың теңге;

Қазан айында – 896 медицина қызметкері, 124 207,2 мың теңге.

Наурыз-қараша айларында COVID-19 коронавирусының және (немесе) коронавирусымен науқастарды емдеудің алдын алу шараларын жүзеге асырудағы ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер сомасы 15 082 қызметкерге 2 834 643,3 теңге көлемінде төленді.

Жалпы, өңірдің медициналық қызметкерлерге үстемеақыларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Коронавирустық инфекцияның таралу жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Тиісінше, аймақтық комиссиялар құратын үстемақы алушылардың тізімдері де әртүрлі.

Комиссияларды әкім орынбасарлары басқарады. Комиссия құрамына медициналық сақтандыру Қоры филиалдарының қызметкерлері, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, денсаулық сақтау басқармаларының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

kyzylorda-news.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: