Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отандық өнімнің оңды нәтижесі

01.10.2020, 10:15 614

ИМПОРТ  ТӘУЕЛДІЛІГІ  АЗАЯДЫ

 «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту – бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару. Оны дамытудағы басты мақсат – халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлі­метінше, бүгінде өнеркәсіп тауарларының шамаме­н – 82%-ы, азық-түлік өнімдерінің – 35%-ы, ауыл шаруашылығы  өнімдерінің  23%-ы – импорттық  тауарлар.

Ұлттық экономика министрлігі халық тұтынатын тауарлар өндірісін қолдау шараларын әзірлеумен айналысты. Ведомство Қазақстан Ұлттық банкімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеуге кірісті. 2018 жылғы 11 желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен басым жобаларды жеңіл­детілген несиелендіру бағытындағы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарла­масын қабылдады. Негізгі міндеті – импорттық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жергілікті өнімдермен алмастыру. Сонымен қатар, басым жобаларды несиелендіруге арналған­ тауарлардың тізімі бекітілді. Несиелендіру осы тізімнен кем дегенде бір өнім шығар­ылған жағдайда жүзеге асырылады.

Тауарлар тізімі келесі критерийлерге сәй­кестігі  негізінде  іріктелді:

1.      Импорт көлемі 5 млн АҚШ долларынан артық;

2.      Шикізаттың қолжетімділігі;

3.      Біліктіліктердің, технологиялардың болуы;­

4.      Артық өндірудің болмауы;

5.      Сапаны бағалау мүмкіндігінің болуы.

«КЕРЕМЕТ   ЕТ» – НАРЫҚ   СҰРАНЫСЫ

Мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп кеше­нін тұрақты қолдау, оның ішінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыруда, ауыл шаруаш­ылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндірістер  құруда  елеулі  нәтиже  бар.

Жүргізілген қажетті зерттеулердің нәтиже­сінде екі негізгі категория бойынша дамудың екі секторы анықталған. Алғашқысы – ішкі нарықты толықтыру, екіншісі – экспортқа бағдар­ланған өнім өндірісін кеңейту үшін агроөнер­кәсіптік кешен секторын дамыту. Сонымен қатар, өңірдің табиғи климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай, аграрлық саланы дамытудың 9 басым бағыты айқындалған. Олар: ет және сүт мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, суармалы жерлерді қалпына келтіру, зәкірлік коопера­цияны қайта өңдеу және дамыту, балық шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өткізу, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру. Аталған өндіріс кешендерін іске қосу үшін атқарылып жатқан жұмыстарда өңірлердің де үлесі зор.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша «Қарапайым заттар эконом­икасы»  бағдарламасы  аясында Жобалық кеңсенің қарауына жалпы сомасы 13,4 млрд теңгені құрайтын 159 жоба түсті. Оның ішінде жалпы құны 7,8 млрд теңгені құрайтын 103 жоба банктермен және Аграрлық несие корпорация­сымен мақұлданды. Жалпы құны 3,3 млрд теңгені­ құрайтын 14 жоба қаржы институттарының  қарауында  жатыр. Қалған жобалар бойын­ша  құжаттар  жинақталуда.

Сол жобалардың қатарында кәсіпкер Айдос Әлменовтың «Керемет ет» жартылай фабрикаттар шығаратын шағын цехы да бар. Қалада бір­неше жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан цехтың ел мен аймақ экономикасының дамуын­да айтарлықтай үлесі бар. Өйткені, тұрақты түрде салық төлемдерін төлеп, 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тауар өндірісін жолға қоюдағы бірден-бір мақсат – «Керемет ет» брендімен шығарылған өнімдердің кәсіп­керлік көкжиегін кеңейту ғана емес, ел мүддесі­не жұмыс істеп, өңірдің ішкі тауарлар нары­ғының дамуына үлес қосу.

Кәсіпкер бұл нарықты не үшін қолға алды дейтін сұраққа жауап іздер болсақ, бұл – нарық пен тұтынушы сұранысы. Өйткені ел арасында жартылай фабрикаттарға сұраныс көп. Күн­көріс қамымен таңнан кешке дейін жұмыста жүрген адамдар үшін жартылай дайындалған өнімдермен ыстық тамақ істеу экономикалық тиімді. Кәсіпті бастамас бұрын оның маркетингтік қырын зерттеу керектігі белгілі. Бұл ретте­ жас кәсіпкер бұл нарықты 10 жылға жуық бағамдаған. 2008 жылдан бастап шағын кәсіпкерлікпен айналысқан А.Үсенұлы өз қаражатына ертартқыш қондырғы мен қажетті жабдық­тарды сатып алып, шағын үй-жайды жалға алып, ет және ет өнімдерін сатуға кірісті. Араға бірнеше жыл салып, кәсібін кеңейту үшін өзінің  ойында жүрген жартылай фабрикаттар­ға сәйкестік сертификатын алып, отбасылық кәсібіне ден қоя бастады. Бастапқыда шағын цехта санаулы адам ғана жұмыс істесе, қазір  50  отбасының тұрақты табыс табуына себепкер. Дегенмен, бұл белесте тоқтап қалу кәсіп иесінің  ойында  жоқ.

– Шағын цехта бүгінде күніне 500-700 келі ет өндіреміз, айына шамамен 15-20 тонна көлемінде болады. Еттен жасалған өнімдеріміз қала ішінде және облысқа қарасты жеті ауданда орнал­асқан дүкендердің 70 пайызына жеткі­зіледі. Алдағы уақытта осы кәсіпті әлі де дамыту  және  кондитерлік өнім бағытын қолға алғалы­ отырмыз. Бұл өнімдерге де сұраныс өте жоғары, – дейді «Керемет ет» цехының директоры  Айдос  Әлменов.

БАҒДАРЛАМА  БАҒЫТЫ  мен  БИЗНЕС-ЖОБА

Бүгінде кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағ­дарламасы аясында 2020 жылдың басынан бері 215 млн 400 мың теңгені құрайтын 60 жоба несие­лендіру арқылы қаржыландырылған. Ал «Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 1 млрд 926 млн теңгені құрайтын 54 жобаның ішінен 1 млрд 407 млн теңгені құрайтын 33 жобасы қаржыландырылған. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағыты жүзеге асырыл­ғалы  бері қала бойынша жалпы құны  2 млрд  549 млн теңгелік 32 жоба, құны 411 млн теңгені құрайтын 11 жоба қолдау тапқан.

Бағдарламаның 5-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде қаржыландыруға жатпайтын түрі де бар.

• ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық заттарды (бальзам­дарды есепке алмағанда) шығару жөніндегі жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін;

• несиелік бюро деректері бойынша несие беру немесе несие беру туралы өтініш берген кезде 90 күнтізбелік күннен көп несиелік берешегі барлар;

• екінші деңгейлі банктермен айрықша қарым-қатынасы бар тұлғалар;

• құрылтайшысы тікелей мемлекет болып табылатын ұйымдар, мемлекетке тікелей тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесте­рінің) 50 және одан да көп процентін (Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компа­ниялар мен ұйымдардың құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) мемлеке­ттік-жекеменшік әріптестік туралы келісі­мге сәйкес құрылған тұлғалар), олармен аффилиирленген тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде тіркелген және коммерциялық емес ұйымдар.

Несиелендіру бағдарламасын тиімді іске асыру 2025 жылға қарай бағдарлама аясында несиелендірілетін тауарлар бойынша импорт үлесін 59%-дан 37%-ға дейін төмендетуге, 16 мыңға жуық жұмыс орнын құруға, салық түсімдерін 1,1 трлн теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік  береді  деп  күтілуде.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: