«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.69 (0)

  • EUR: 510.89 (0)

  • RUB: 5.63 (0)

Түркіменстанда қағаз үнемдеу үшін газет-журналдар біріктірілмек

30.11.2020, 11:50 109 0

Түркіменстанда қағазды үнемдеу үшін бірнеше газет-журналдар біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы «Медиа-Түркмен» агенттігі сілтеме жасап, Азаттық радиосы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, билік тематикалық жақтан ұқсас басылымдарды біріктіруді жоспарлап жатыр. Оған сәйкес, «Мұғалім газеті» мен «Түркімен тілі», «Атамекен» мен «Қайта жаңғыру» газеттері және екі журнал біріктіріледі. Бұл үкіметке 123,7 тонна қағаз үнемдеуге мүмкіндік беріледі дейді.

Бұдан бөлек 2021 жылдан бастап басылымдар электрондық форматқа өтіп, міндетті жазылу бойынша азаматтарға таратыла бастайды. Жазылу 60 манат және ресми курс бойынша 17 долларды құрайды. Қағаз басылымдар тек зейнеткерлерге ғана жеткізіліп тұрады.

Түркіменстан әлемдегі ең жабық елдердің бірі. «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы түзген сөз еркіндігі бойынша рейтингте Түркіменстан 180 елдің ішінде 179-орында тұрады. Freedom House ұйымының интернет еркіндігі бойынша рейтингінде соңғы төрт елдің қатарына енеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: