Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәжікстанда терактіге күдіктілердің туыстары тергеуге алынып жатыр

27.03.2024, 10:30 185

HALYQLINE.KZ

Тәжікстанның күш құрылымы өкілдері Мәскеудегі «Крокус cити» орталығындағы шабуылға күдіктілердің туыстарын тергеуге алып жатыр.

25 наурызда Саидакрам Ражабализоданың Вахдатта тұратын туысы Озоди радиосына «Дүйсенбі күні оның анасын, інісін, әйелін және екі туысын тергеуге алып кетті» деді.

Осының алдында тағы бір күдікті Фаридун Шамсиддиннің әке-шешесі, әйелі және қайынапасы да сұрауға алынғаны мәлім болды.

«РИА Новости» агенттігі тәжік президенті Эмомали Рахмон тергеулерді жеке бақылауына алғанын жазды.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Мәскеуде шабуыл жасады деген күдіктілер туралы мәлімет бермеді.

Жұма күні кешке, 22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында камуфляж киген бірнеше адам жұртқа оқ жаудырған, ізінше ғимаратта жарылыс болып, өрт шықты. Кейінгі мәліметтерге сәйкес, шабуылдан 139 адам, оның ішінде үш бала мерт болған. Кем дегенде 180 адам зардап шеккен.

23 наурызда Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі президент Владимир Путинге концерт залындағы шабуылға байланысты 11 адам ұсталғанын хабарлаған. Оның төртеуі шабуылға тікелей қатысты деп күдікке ілінген. Олар сауықтыру орталығына ақ түсті «Рено» көлігімен келіп, адамдарға оқ жаудырып, өрт басталғанда сол көлікпен кетіп қалған. Кейін Брянск облысында ұсталған. Құқық қорғау органдары қалған жетеуі терактіні әзірлеуге қатысы болуы мүмкін деп отыр.

Фото: m24.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: