Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамптың соты Нью-Йоркте 15 сәуірде өтеді

26.03.2024, 15:35 178

HALYQLINE.KZ

Құрама Штаттар тарихында АҚШ-тың экс-президентіне қатысты қозғалған алғашқы қылмыстық іс бойынша сот 15 сәуірде басталады.

Дүйсенбі күні Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотының мүшесі Хуан Мерчан осындай шешім қабылдады. Трампқа 2016 жылғы сайлау науқанына жиналған қаражатты заңсыз жаратты деген айып тағылған.

Бір жыл бұрын Манхэттен прокуратурасы Дональд Трамқа сайлау қорынан 130 мың долларды бұрынғы порноактриса Сторми Дэниэлске төлеу үшін құжаттарды қолдан жасады деп айыптаған. Дэниэлс экс-президентпен жыныстық қатынасқа түскенін мәлімдеген. Айыптау нұсқасы бойынша, Трамп бұл ақшаны порноактрисаның аузын майлау үшін төлеген. Трамп порноактриса сөздерін де, прокуратура айыптарын да жоққа шығарып отыр.

Сот 25 наурызда басталуы тиіс болған, алайда Трамп адвокаттары сотты тоқсан күнге кейінге қалдыруды сұраған. Судья қорғауға 20 күн берген.

Фото: cdn.iz.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: