Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Армения мен Әзербайжан бітімге келсе де, атыс жүріп жатыр

13.10.2020, 9:15 488

Таулы Қарабақ. Қарт әйел жылап отыр. Шуша, 8 қазан, 2020 жыл.

Мойындалмаған Таулы Қарабақтың қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні қайтыс болған армян сарбаздарының тізімін екі рет жаңартты. Оған тағы 96 есімді енгізді.

BBC сайтында Қарабақ соғысынан күнделікті хроника беріліп жатыр. Келісім бойынша, онда соғыс тоқтауы керек болған.

Армения әскерінің мәліметінше, соғыстың 16-күні 525 адамын жоғалтқан. Бірақ қайтыс болғандар тізіміне енген 96 адам бір күнде қаза таппаған.

Әзербайжан тараптың мәліметінше, жексенбіге қараған түні Гянджа қаласына «Эльбрус» зымыранымен соққы жасаған. Он адам қайтыс болған.

Әзербайжан қайтыс болған сарбаздары жайында мәлімет бермей отыр. Тек 42 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын жариялады.

Әзербайжан бас прокуратурасы ауруханада зымыран соққысынан жараланған жас келіншектің қайтыс болғанын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: