Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-та кемінде 75 қалада наразылық пен жаппай тәртіпсіздік жүріп жатыр

01.06.2020, 15:00 421

HALYQLINE.KZ

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Америка штаттарында жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 мыңнан астам адам ұсталған. Наразылық акциялары Миннесота штаты Миннеаполис қаласының 46 жастағы афроамерикалық тұрғыны Джордж Флойдтың 25 мамыр күні полицей қолынан қаза табуынан кейін басталды, деп хабарлайды www.centralasian.org

Қарсылықтар АҚШ-тың 10 штаты мен кемінде 75 қаласына жайылды. Наразылықтар кезінде вандализм, ғимараттарды өртеу, дүкендерді тонау мен адамға күш көрсетулер көрініс тауып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тағы жағдай өршіп барады. Полиция наразылық білдіргендерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке оқ қолдана бастады. 4 мыңнан астам адам ұсталды. Олардың дені коменданттық сағатты бұзды, тонаушылықпен айналысты деген айыптармен ұсталған.

Жаппай тәртіпсіздікке байланысты Американың 25 ірі қалаларына, атап айтқанда Лос-Анджелес, Денвер (Колорадо), Майами (Флорида), Атланта (Джорджия), Чикаго (Иллинойс), Луисвилл (Кентукки), Миннеаполис цен Сент-Полға (Миннесота) коменданттық сағат енгізілді.

Наразылық акциялары Миннесота штаты Миннеаполис қаласының 46 жастағы афроамерикалық тұрғыны Джордж Флойдтың 25 мамыр күні полицей қолынан қаза табуынан кейін басталды. Жергілікті полицей Дерек Шовин қолы кісенделіп, жерде жатқан Флойдтың мойнына тізесімен отырған.

Тұншыққан Флойдтың «Дем ала алмай жатырмын» деуі видеоға түскен. Флойд артынша ауруханаға түсіп, реанимацияда көз жұмған. Америкалықтар полицейдің мұндай әрекеті Флойдтың нәсіліне байланысты деп жаппай шеруге шықты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Демократиялық партия атынан сайланған губернаторлар мен мэрлерді тәртіп орнату үшін ұлттық гвардияны тартуға шақырды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де «Антифа» қозғалысын террористік ұйымдар тізіміне кіретінін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: