Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ең былығы көп сала – денсаулық сақтау саласы

09.07.2020, 11:30 716

Мұрат  БАҚТИЯРҰЛЫ,

Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Сенатының   депутаты:

Ақпарат құралының беті мен әлеуметтік желінің парақшасын ашуға жүрексінесің. Қазанама…­ Көңіл айту… Дәрі іздеген ағайын… Жанұшыра ем-дом сұраған жұртшылық. Ауруханада ем алып жатқан таныстарымыз жансақтау бөлімі босамай тұрғанын айтады.­ Тіпті жастардың ағзасы бұл дертке келгенде әлсіздік танытып жатыр. Қара терге түскен, денесі дірілдеген, жөтелге булыққан, тыныс алуы қиындағандар азаяр емес. Бұл – ауруханалардағы  жағдай. Ал  көшеде ше?  Дәріханаға  кезекке  тұрғандар  қатары­ның­  үзілмеуде  екенін  көресіз. Антибиотик  іздеп, шартарапқа  қоңырау  шалып  жатқандар.­..  Халықтық ем-доммен бөліскендер… Базардан лимон мен адыраспан тасығандар­… Қорғансыздың  күйін  кешкендер және бәріне  бір  қол  сілтегендер… Неге бұлай? Неге жағдай ушықты? Басынан талай реформаны өткізген денсаулық саласының салы неге суға кетті? Сұрақ көп. Жауапты жаба тоқып, «бәрі жақсы» дегенге халық қазір сенбейді! Әңгіменің ашығы керек. Сондай ашық сұхбатқа сенатор Мұрат Бақтиярұлы­н шақырған едік. Позициясы бар азамат ғой. Жауырды жаба тоқымады. Тоқете­р  жайтты  айтты.

– ХХІ ғасырда қазақ елі түйір дәрі, тамырға­ салар дәрмен таппай қиналып жатыр. Тас дәуірі емес, үңгірде тұрып жатқан жоқпыз. Неге бұлай?

– Кезінде «СК-Фармация» деген ком­пания 2010 жылдан бастап құрылды. Мен 2011 жылы Сенатқа бардым. Сол кезде Сенат­тағы бір топ депутат осы компанияға  қарсы шықтық. Өйткені, Қазақстан – өте үлкен мемлекет. О шеті мен бұ шетіне тікұшақтың өзі 4-5 сағат ұшатын мемлекеттердің бірі. Осындай үлкен мемлекеттерде бір орталықтан бағындыру, бүкіл дәрі-дәрмекті бір орталықтан беру – өте ауыр салмақ, ауыр күш. Сондықтан да «СК-Фармацияға» дейін Қазақстанда облыстық әкімдіктердің жанында облыстық денсаулық сақтау басқармалары болды. Мен өзім облыста істеген соң білемін. Осы басқар­малар арқылы 800 мың халыққа қандай дәрі-дәрмек керек, оның ішінде тегін дәрі-дәрмектер, қандай препараттарды бірінші кезекте алу керектігін облыс оперативті түрде шешетін. Он жылдың ішінде біз осыдан айырылып қалдық та, «СК-Фармацияның» төрт басшысы сотталды. Өйткені онда триллионға жуық ақшалар тендерге, ашық конкурсқа түседі. Ол жерде көптеген азаматтардың мүдделері бар. Біз оны түсінеміз. Сондықтан бұл компания жеделдіктен ада болып  қалды. Оны кезінде Елбасы да, қазір­гі президент те сынға алды. Бірақ, бұл сын­дардан олар қорытынды шығарған жоқ. Түптеп келгенде, «СК-Фармация» арқылы елімізді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мүмкіндігі азайды. Соңғы бір жарым айдың көлемінде бұл компания қажетті дәрі-дәрмектермен қамти алмады. Нарықтық заманда дәрі-дәрмексіз қалу деген­ – ақылға  сыйымсыз  жайт.

– Дәрі-дәрмек  саласында  әрекет алгоритмі  ақылға  сыйымсыз болып тұрғанын несін жасырам­ыз. Қазақстан фармацев­тиканың отаны емес. Дәрінің 80 пайызы сырттан­ импорттала­ды. Осыны әу баста құзырлы  министрлік­  неге  ескермеді?

– Қазақстанның ішкі нарығындағы өзін-өзі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі 20 па­йызға  жетпейді. 80 пайызын сырттан алады.­ Ол қай мемлекеттер? Ол – Ресей, Қытай, Үндістан, Батыс мемлекеттері, тағысын  тағы. Ол елдерден дәрілер валюта арқылы келеді. Валюта бағамының қандай болғанын білесіздер. Шетелден дәріні алып келген ірі дистрибьютерлік компаниялар ол жақтан дәріні қымбатқа әкеліп, шекті бағамен сату нарықтың заңына қайшы. Ол – мүмкін емес нәрсе. Сондықтан алушыларға дәрінің шекті бағасын қою дұрыс емес деп есептеймін.

– «Covid – 19» «есік  қағып» тұрғанда біздің министрлік­ не істеді? Дәл қазір дәтке қуат болмас­ Денсаулық Кодексін қабылдау үшін денсаулық сақтау министрі алты айға жуық Парламенттің табалдырығын тоздырды. Парадокс­  емес  пе?

– Уақытты  көп  жіберіп  алдық. Осы жерде  бір  нәрсені айта кету керек, бұл бұрынғы денсаулық сақтау министріне де айтылды. Денсаул­ық сақтау Кодексі Мәжілісі бар, Сенаты­ бар, алты ай қаралды. Бүкіл министр­лік коронавирусқа қарсы жұмыс алгоритмі­н ұйымдастырудың орнына жарты жыл бойы заңның ізінде жүрді. Парламент – Министрлік, Парламент – Министрлік, екі ортада жүрді. Уақытты жіберіп алды. Сол кодексті­ келесі жылға да қалдыруға болар еді. Бұл депутаттар тарапынан да айтылды. «Бұған асығыс жоқ, алдымен індетті жеңіп алайық, соның қорытындысымен қабылдайық» деген де ұсыныс-пікірлер айтылды. Өкінішке қарай, Үкімет те, министрлік те осыған келгенде ешқандай шара қолдан­бады. Менің жеке пікірім бойынша, өтетін нәрсе өтіп кетті, оны қайталап айта бергеннен де ешнәрсе бола қоймас. Дегенмен, мыңдаған адамдардың ашу-ызасын тудыру, адамдардың өліміне алып келу, мұның барлығын қараусыз қалдырмау керек. Тиісті министр­лікке, денсаулық сақтау министрлігінің жұмыстарына талдау жасалып, арнайы комис­сия құрылып, неге бұлай болды, неге алдын ала қамданбадық, неге Италияның, Францияның тәжірибесінен сабақ алмадық? Олар да дәл осылай болды. Біз солардан сабақ алуымыз керек еді. Бірақ олай істемедік. Меніңше­, комиссия құрылып, жұмыстар талданып, кінәлі адамдар жауапқа тартылуы тиіс  деп  есептеймін.

– «Жағдай жақсы» деп есеп бергенге ешкім сенбейді. Жасырып, жанды қинағанша, нақты әрекеттер жасау керек емес пе?!

– Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай өте қиын. Біз оны Парламент мүшесі ретінде де білеміз. Басқа өңірлермен де байланысып отырмыз. Әсіресе адамдар арасында дүрбелең, қорқыныш басым. Халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек, мұны құптаймын. Бүкіл ауылдарда, аудандарда, қалаларда арнайы мобильдік топтар құрылып жатыр. Бұл – өте қажетті топ. Науқас­тармен қарым-қатынаста болған адамдардың отбасын тексеру үйлердің өзінде жүзеге асырылу керек. Әлгі ақылы шақырту, 5400 теңге деген айтылып жатыр. Маман­дардың  пікірінше, біз  әлі эпидемиологиялық ахуалдың шығынына келген жоқпыз. Сондықтан бұл әлі де көбеюі мүмкін. Егер көбейсе, қайда жатқызамыз? Міне, осындай орынды алдын ала дайындаған дұрыс деп есептеймін.

– 5 шілдеден бастап елде екі апталық карантин­ жарияланды. Оның әсері болады дегенге­  сенесіз  бе?

– Екі апта үлкен әсер береді деп ойламаймын. Бірақ оны созуы да мүмкін. Біз екі айлық карантиннен де, төтенше жағдайдан да өттік. Оның айтарлықтай пайдасы бар деп айта алмаймын. Ол тиімді болу үшін үкімет пен атқарушы орган тарапынан істелетін бірнеше шара бар. Ол – қатаң бақылауға алу. Мысалы, дүкендер. Жұмыс істеп жатқан дүкендерге тұтынушылар арнайы бетпердесіз, антисептиксіз ішке кіргізілмеуі керек. Және сол дүкенде жұмыс істейтіндердің өзі сол қатаң тәртіпті сақтауы тиіс. Бұл – бір. Екінш­іден, ұлттық салт-жоралғылар бар. Ас беру, жерлеу рәсімдерін кең көлемде өткізуге ауылдан бастап қалаға дейін тыйым салу. Әрине, ең жақын деген туыстарын белгіленген адам санынан асырмай өткізсе болады. Өйткені қазақта қайтыс болған адамды­ шығары­п салу міндеті бар. Арнайы мобильді топтар оны бақылауға алуы керек. Олай болмайын­ша, пайда  болмайды.

– Миллиондаған форум, мыңдаған конференция өткізгенше жүз шақты томография неге алмадық деген заңды сауал туындайды…

– Негізі, 100 мың адамға 1 томографиялық құрылғы болуы керек. Өкінішке қарай, бізде олай емес. Мемлекетке жұмыссыздыққа байланыс­ты 6 трлн теңге ақша бөлінді. Томогра­фия әр аудандық ауруханаларда бір-біреуден тұруы керек. Өйткені оның тексеру мүмкіндігі зор. Ал бізде бұл талаптар сақталмаған. Оның үстіне көпшілігі ескі құрылғылар. Жаңасы өте аз. Өткенде денсаулық сақтау вице-министрімен сөйлескенімде осы томографияға қаржы қарастырғанын айтты. «Алдағы бір айдың көлемінде мемлекеттің көмегімен бірнеше томографиялық қондыр­ғы сатып алатын боламыз» деді. Ол Оңтүстік Кореядан және Ресейден келеді. Министрлік өзінің кемшіліктерін ішінара мойындап жатыр.­ Осындай кемшіліктердің алдын алып, қамданбайтын болсақ, бұл індет жайла­п  кетеді.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды­ру қорында триллиондаған қаржы жатыр. Ал ПТР тестті әр адам өзі сатып алуы тиіс. Неге? Бұл сол қорға қаражат аударып отырған  азаматтардың  құқығын  белден  басу емес  пе?

– Өте орынды сұрақ. Жалпы, бұл сауал Парламентте көтерілген болатын. Мысалы, елімізде  МӘМС-ке қаржы аудармай отыр­ған жұмыссыз азаматтар бар. Ал ақша аударып отырған адамның барлығы бұдан тегін өту керек. Адамдардың құқы шектеліп отыр. Ол ақшаны не үшін аударып отыр? Әрине, өзінің денсаулығын сақтандыру үшін төлем жасап отыр. Осындай індет кезінде, болмаса басқа ауруға шалдығады, өзге жаққа ұшатын болса да міндетті түрде тест қорытындысы болуы керек. Біз де соны ақылы түрде тапсырдық. «Неге бұлай?» деген сұрақ қойдық. Біз  сақтандыру  қаржысын  не үшін төлей­міз? Жылдап төлеп жатқандар бар. Қате­лес­песем, бұл қорда қазіргі күні триллионнан көп ақша бар. Өте көп. Сондықтан да кез келге­н Қазақстан  азаматы  МӘМС-ке  қаржы  аударған  болса, міндетті  түрде бірінші кезектегі­ тексерудің барлығынан тегін өту керек. Осындай індет тараған кезде қажетті тесті бар, компьютерлік томо­графиясына, нәтижесіне  ақша  төлемей, тегін  өтуі  керек.

– Статистика мәліметтеріне сенесіз бе? Мен бұрын сәл де болса, иланатын едім. Ал қазір ашығын айтам, сенбеймін.

– Жалпы, біздің елде статистика дұрыс жасалы­п жатқан жоқ. Ойдан ой туады ғой. Кезінде облыстық денсаулық сақтау бас­қармалары мен облыстық әкімдіктердің құзыреті күшті еді. Қазір олардың құзыретін төмендетті де, басқарма басшысын тағайындауды, қаржыландыруды да денсаулық сақтау­ министрлігі өзіне алды. Басқарма басшысын­ тағайындау үшін министрлік келісім беру керек, әйтпесе ол басшы бола алмайды. Сондықтан кезінде Елбасы да, презид­ент те децентрализация (орталық­тандыру), жергілікті жерге беру керек деді. Бірақ, керісінше болып жатыр. Облыс әкімдігі, қала әкімдігі, аудан әкімдігінің денсаул­ық саласына араласуға ешқандай құзыреті жоқ. Қаржы бөлмеген соң оларға бағынба­уы да мүмкін. Статистика да дұрыс емес, қалай болса, солай беріп жатыр. Қазіргі кезде ауру жұқтырғандар санын ресми статис­тика 40 мыңның үстінде десе, бейресми­ статистика 100 мыңнан асты деп отыр. Бұл көрсеткіштерді нақты қадағалап, нақты мәлімет тізіп отырған адам жоқ. Статистик­а дұрысталмайынша, ешқандай талдау  дұрыс  нәтиже  бермейді.

– Облыстағы ахуал дәл қазіргі таңда «аһ» ұрғызып тұр. «Әттеген-ай» көбейіп барады.

– Ал, енді облысқа келер болсақ, өлім-жітім былтырғы жылмен салыстырғанда өте көп. Осыған қарап, аймақтардағы ахуал­ күрделі, ауыр екенін байқауға болады. Жақынд­а дәріханаларға бардым. Ұзын-сонар­ кезек, көптеген дәрі-дәрмек жоқ. дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін жауаптылар «дәрі жеткізу үшін олар бізге алдын ала ақша беру керек. Содан соң баға сәйкестілігі жоқ» дейді. Жалпы айтқанда, бір-біріне сілтеушілік. Бұл мұқият талдауды қажет етеді.

– ПТР тест түгілі, құны тиын тұратын бетпер­демен халықты қамтамасыз ете алмай отырмыз.  Өкінішті…

– Оңтүстік Корея, Қытай және Азиядағы кей мемлекеттер халыққа бетпердені тегін береді. Біз енді тегін таратпасақ та, 2-3 млн халықтың тұрмысы өте нашар. Сол азаматтардың тізімдері жергілікті жерлердегі дәрі­ханаларға берілсе, күніне 3-4 данадан алып кетуіне болады десе, қанекей! Осыған дайын болмағанымыз – бұлтартпас факт. Бір сөзбен айтқанда, біз дайын болмадық.

– Медицина саласы соңғы уақытта талай реформаны өткізсе де, соның ешбірі халық үшін өз тиімділігін көрсетпеді. «Неге?» деген сұрақ  тағы  көлбеңдеп  шығады…

– Реформадан көз ашпай келе жатырмыз. Реформаны реформа үшін жасамауымыз керек.­ Жасыратыны жоқ, біз ауруханаға аса мән бөлдік те, емханаларға назар аудармадық. Ауырған адам ең бірінші емханаға келеді.­ Емхана тіркеуде тұрған әр адамды ауруханаға түсірмеу үшін ем жасап, алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Ол үшін аймақтық дәрігерлер көп болуы шарт. Ол дәрігер қай аймақтағы қай пациент қандай аурумен ауыратынын жатқа білуі тиіс. Міне, реформа. Реформа осы жерден басталады. Шыны керек, қазір аймақтық дәрігер дегеннің­ аты бар да, заты жоқ. Жұмыс істе­мейд­і. Олар істей де алмайды. Өйткені бір аймақт­ық дәрігерге стандартқа сәйкес емес, 3-4 есе жүктеме артып қойған. Жұмыс істеу мүмкін емес. Осындай жағдайлардан кейін Үкімет тыңғылықты қорытынды шығарады деп  есептеймін.

– Адам шығыны азаяр емес. «Әр қазаның қайыры бар, әр көз жасының сұрауы бар» демекші­, мұның да бір байламы болар деген ойдамыз.

– Бір үлкен, тыңғылықты қорытынды  шығару керек. Олай етпейінше, жағдай орнына­ түспейді. Барлық саланы алып қарасақ,­ былық көп ғой. Дегенмен, ең былығы көп сала – осы денсаулық сақтау саласы.­ Мұны соңғы екі ай уақыт анықтап берді. Барлық жағынан былығы көп. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бастап, дәрі­герлердің біліктілігіне дейін былығы көп. Әрине, дәрігерлер шамасы жеткенше жұмыс істеп жатқанын айту керек. Білікті дәрігерлер де, сауатты медбикелер де жоқ емес. Күндіз-түні жұмыс істеп жүр. Ауру адамды емдеу оңай шаруа емес, дегенмен қорытынды  керек.

– Ашық  әңгімеңіз  үшін  алғысымыз  шексіз.

Сұхбаттасқан

Айнұр  ТҰҢҒЫШБАЕВА,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: