Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жамбы атуда жүлдесіз қайтпайтын қыз (Фото)

06.03.2022, 9:00 972

HALYQLINE.KZ Жамбы атудан жүлдесіз қайтпай жүрген аруымыз – Гүлдана Алыбаева. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылының тумасы. Бірнеше халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері. Желіген аттың үстінде, нысананы дөп көздейтін мерген қыздың жасы 20-да.

Көшпенділердің көне өнерін кәсіп еткен аруымыз жамбы атуда жігіттермен қатар шауып, нысана көздеуде талайынан оқ бойы озық шығып жүр. Гүлдана «әлем мойындағын спортта алар асуым әлі де көп», – дейді. Мақсаты – Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел мерейін үстем етіп, қазақ ұлтының құралайды көзге атқан мерген екенін дәлелдеу.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: