Қызылорда облыстық прокуратурасы және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған веломарафон бастау алды.
Велошеруге қала тұрғындары, әр саланың қызметкерлерінен құралған 250-ге жуық әуесқой спортшы қатысуда.
«Абзал и К» мекемесінің тұсынан басталған марафонның (Тереңөзек кенті) қашықтығы 50 шақырымды құрайды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!