Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр спортшылары Париж төрінде ел намысын қорғайды (Фото)

25.07.2024, 10:15 1067

Бас фотоның авторы – Сали Сабиров

Санаулы күндерден соң бүкіл әлем көз тігіп, спортсүйер қауым асыға күткен Париж олимпиадасы басталады.
Байрақты бәсекеде Сыр бойының 4 спортшысы ел намысын қорғайды: бокстан – Қоңқабаев Қамшыбек, грек-рим күресінен – Сұлтанғали Айдос, дзюдодан – Жұбаназар Абылайхан, Шархан Нұрлыхан.

Қазіргі таңда спортшыларымыз оқу-жаттығу жиындарын сәтті аяқтады. Грек-рим күресінен Олимпиада жолдамасын ұтып алған спортшымыз Сұлтанғали Айдос Францияға 2 тамыз күні сапар шегеді.

Дүбірлі доданы отандық «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Сыр спортшыларының Олимпиада ойындарына шығу кестесін ұсына отырып, қолдау көрсетуге шақырамыз!

  1. Бокстан Қоңқабаев Қамшыбек – 29.07-10.08.2024 ж.
  2. Дзюдодан Жұбаназар Абылайхан – 30.07.2024 ж.
  3. Дзюдодан Шархан Нұрлыхан – 01.08.2024 ж.
  4. Грек-рим күресінен Сұлтанғали Айдос – 05.08.2024 ж.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: