Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шынбергеновтен жеңілген өзбекстандық боксшы рингке шығады

12.04.2022, 11:10 226

HALYQLINE.KZ  Әуесқой мен кәсіпқой бокста өнер көрсететін өзбек боксшысы Шахрам Гиясов келесі кездесуін 7 мамыр күні өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Кристиана Гомес (22-2-1 20 КО) атанбақ. Бұл туралы Repost.uz порталы хабарлады.

Ал әлем асыға күткен басты жекпе-жек Канело Алварес пен Дмитрий Бивал арасында өтеді. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Т-MobiIe Arena-да жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша чемпион Дмитрий Бивол мексикалық Канело Алвареске қарсы рингке шығып, өзінің белдігін қорғайды.

Айта кетейік, былтыр Белградта өткен әлем чемпионатының 1/16 финалында Гиясов қазақстандық Асланбек Шынбергеновтен жеңіліп қалған еді.

Айбек МҰХАНОВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: