Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада волейболдан ел чемпионаты басталды

21.12.2020, 14:00 451

HALYQLINE.KZ  Бүгін «Мұз айдыны» спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының 29-шы чемпионаты басталды.

Ел чемпионатының екінші айналымына Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарының командалары қатысуда.

Жоғарғы лига командалары арасындағы жарыстың бірінші айналымы қараша айында Орал қаласында өткізілген болатын. Қалған үш айналымы пандемияға байланысты қашан өтетіні белгісіз.

Ел чемпионаты жанкүйерлерсіз өтуде. Жарыс 27 желтоқсанға дейін жалғасады. Бас төрешілік қызметті халықаралық дәрежедегі төреші Айдос Ахметов (Нұр-Сұлтан қ.) атқаруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: