Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

05.07.2022, 9:30 351

HALYQLINE.KZ «Қайсар» футбол клубы халықаралық спорт журналистері күніне орай аламанда аймақтың айшықты ақпаратын сүйіншілейтін журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

Жиын барысында клуб директорының міндетін атқарушы Садық Шоңмұрынұлы бүгінде» Қайсар» мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік, іскерлік, ашықтық сынды құндылықтар қалыптасқанын айырықша атап өтті.

– Сіздердің арқаларынызда Сыр жұртшылығына жедел әрі дәлелді ақпараттар жеткізіліп, Сыр спортындағы соңғы жаңалықтарды спорт сүйер қауым дер кезінде хабардар болып келеді. Спорт – ауқымды әрі қызықты сала. Тартысқа толы салада қалам тербеген қаламгерлер қашанда құрметке ие! Байрақты бәсекелер мен «Қайсардың» доп додасындағы дөп жаңалығын жұртшылыққа жеткізудегі белсенділіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді Садық Шоңмұрынұлы.

Журналистер де жиын барысында аймақ футболының қазіргі ахуалына тоқталып, балалар футболын көтерудегі ойларын ортаға салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: