Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» екінші рет жеңілді

23.01.2020, 12:33 790

Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиындары аясында екінші кездесуін өткізді. Естеріңізде болса, алғашқы қарсылас әзербайжандық «Сабах» командасы еді.

2017 жылы құрылған клубтан «қасқырлар» 3:1 есебімен жеңіліс тапқан болатын. «Сабах» ойыншылары 15 қаңтарда румындық «Академика клинчени» командасымен кездесіп, 0-0 есебімен тең түскен.

Ал, бүгін жерлестеріміз болгариялық «Локоматив П» (Пловдив) командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жол берді.

Сонымен, 3 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында өткен оқу-жаттығу жиынында «Қайсар» футбол клубы екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де қарсыластарына есе жіберді. Осы аралықта «қасқырлар» қатарына жаңадан ресми 5 ойыншы қосты. Енді келесі оқу-жаттығу жиынын 29 қаңтарда бастайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: