Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайрат Сәтжанов: «Мен өзіме серт бергенмін…»

05.02.2024, 9:55 196

Бокстан ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов шетелде жұмыс істеп жатқан қазақ бапкерлері жайында пікір білдірді.

Екі жыл бұрын Иорданияда өткен Азия чемпионатында мен Ұлттық құраманың жігіттерімен отырғанымда айтқан болатынмын. Біздің біраз аға-іні және достарымыз шетелде жұмыс істеп жүр. Енді, оларды да түсінуге болады. Қазақстанда жұмыс табылмағандықтан, жағдай болмағандықтан көбі шетелдерге кетіп жатыр. Олар өзге елдердің боксын көтеріп жатыр. Екі жыл бұрынғы әлем чемпионатын қарасаңыздар өздеріңіз білесіздер!

Қаншама жігіттеріміз басқа ұлттық құрамалардан чемпиондар шығарып жатыр. Мен сол кезде айтқан болатынмын: Мені де шетелге шақырды. «Келіңіз, жұмысқа, тренер болып келіңіз. Осынша ақша төлейміз», – деді. Сол кезде жігіттердің көзінше айтқан болатынмын. «Екі қолға бір күрек табылады. Басқа елге бармаймын. Өйткені сол елдің боксшыларын қалай қазақ жігіттеріне қарсы дайындаймын?» деп бас тарттым. Былтыр Венгриядан бір тренер мені шақырды. «Қанша ақша төлейік? Шартқа келісесіз бе?» – дегенде, «Сіздер ренжімеңіздер, мен өзіме серт бергенмін. Шетелге бармаймын» деп айттым.

Жазып алған – Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: