Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұз ханшайымы үлкен спорттан кетті

21.09.2021, 9:25 76 0

HALYQLINE.KZ

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева үлкен спорттан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы спортшы өз Instagram парақшасында жария еткен.

«Қымбатты жанкүйерлер. Мен кәсіби спортшы ретінде мансабымды аяқтауды ұйғардым. Бұл жаңалықпен бөлісу маған оңайға соқпауда…

Мені арқа тұсымдағы ауырсынулар жылдар бойы мазалап келгенін көбі біледі. Өкінішке қарай, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай қалды.

Мен үшін өмірімде бұл тараудың аяқталуы жаңа тараудың басталуын білдіреді.

Қазіргі уақытта мен Қазақстандамын және жылдың соңына дейін осында боламын, балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және олармен өз тәжірибеммен бөлісемін. Мен әрқашан да өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келген, ақыры осындай мүмкіндікке ие болдым.

Мен үшін бәрін жасаған және әлі де жасап жүрген ата-анама шексіз алғыс айтамын.

Мықты болуға көмектескен және мені әрқашан қолдаған барлықтарыңызға – Қызылорда облысының басшылығына, Ұлттық Олимпиада комитетіне, Мәдениет және спорт министрлігіне рақмет айтамын.

Мен, сондай-ақ, Тутберидзенің барлық жаттықтырушылар штабына – Этери Георгиевнаға, Сергей Викторовичке және Даниил Марковичке менімен жұмыс істегені үшін, менің мансабымдағы тарихи сәттер үшін, маған сенгені үшін, ең жақсы бағдарламалар үшін алғыс айтқым келеді.

Менімен жұмыс істеген барлық жаттықтырушыларға алғыс айтқым келеді.

Енді менің келер ұрпақпен бөлісе алатын баға жетпес тәжірибем бар.

Менің халықаралық аренадағы алғашқы қадамым 2011 жылы басталды, сол турнирден бері тура он жыл өтті, 50-ден астам халықаралық дода (Азия ойындары, Жасөспірімдер Олимпиадасы, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада, Төрт құрлық чемпионаты, Әлем чемпионаты, Олимпиада және басқа да халықаралық жарыстар) және әртүрлі номинациядағы 39 медаль.

Үлкен спортта он алты жыл… Бәрі болды: алғашқы жеңіс кезіндегі қуаныш, үмітсіздік пен жарақат. Бірақ осы жылдар бойы сіздер, менің қымбатты жанкүйерлерім, әрқашан қасымнан табылдыңыздар. Сіздердің тілектеріңіз бен шынайы қолдауларыңыз мені шабыттандырды және шабыттандыра береді, мен сіздерге, менің халқыма қажет екенімді сездім және бұл маған үлкен күш берді. Сіздердің маған және болашаққа деген сенімдеріңіз әртүрлі салада жаңа белестерді бағындыруға көмектеседі», – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.

Дереккөз: nur.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: