Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Elorda Cup: Махмұд Сабырхан Серік Теміржановтан басым түсті

01.07.2023, 17:00 293

HALYQLINE.KZ

Астанада өтіп жатқан Elorda Cup турнирінің жартылай финалында 57 келі салмаққа ауысқан Махмұд Сабырхан осы салмақтың серкесі Серік Теміржановты айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды.

Осы жарыстың алдында ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов 57, 63,5 және 92 келі салмақтағы бокшылардың бірінші нөмірі анықталып, солар Азия ойындарына баратынын айтқан.

Байрақты бәсекенің көбінде Сәкен Бибосыновтың көлеңкесінде қалып келген Махмұдқа енді 57 келі салмақта Олимпиадаға қатысатын тамаша мүмкіндік туып тұр. Енді Серікпен екеуінің арасында бір жыл бойы өте таласты бәсекелес жүреді. Бұл бас бапкердің де сыналар кезеңі екені анық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: