Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүрлі республикалық ашық турнир өтеді

18.02.2022, 17:25 443

HALYQLINE.KZ

Ағымдағы жылдың ақпан айының 22-24-жұлдызы аралығында «Евразия» мәдени сауықтыру спорт кешенінде халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күресінен дәстүрлі республикалық ашық турнирі 10-шы мәрте өткізілмек.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Орманов мәлімдеді.

– Аталған турнир республика бойынша 2022 жылдың алғашқы және ең ауқымды жоғарғы деңгейдегі ашық турнирі болмақ. Турнир 3 күнге созылады. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысып, бозкілемде белдеседі. Айта кету керек, бұл жарыстың ерекшелігі облыс құрамына алынған 36 жас спортшының 25-і Қызылорда қаласының спортшыларынан құралған. Бұл дегеніміз, қала тұрғындарының қазақ күресіне жалпы спортқа деген қызығушылығының жоғары дәрежеде екендігінің айғағы, – деді бөлім басшысы.

Қазіргі таңда турнирге қатысу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан тапсырыстар қабылданды. Тапсырыс қабылдау әлі де жалғасуда.

Жарыс «Qazaq kuresi» Ассоциациясы бекіткен қазақ күресі ережесі бойынша өтеді. Барлық аймақтан 2002-2004 жылдары туған жастар арасында әр салмақта 3 спортшыдан, өткізуші аймақтан әр салмақ дәрежесіне 4 спортшыдан жіберіледі. Әр салмақ дәрежесі бойынша 1 келі жеңілдік қарастырылған.

Турнирге қатысушы жеңімпаз спортшыларға Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағы беріледі.

Көрнекі фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: