Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті

08.11.2021, 11:10 665

HALYQLINE.KZ Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласы əкімінің кубогы үшін БАҚ қызметкерлерінің арасында шағын футболдан турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Бұқаралық спортты дамыту, БАҚ өкілдерінің шығармашылық, достық байланысын нығайту мақсатында дәстүрлі сипатқа ие болған жарысқа «Қала әкімдігі», «Сыр медиа», «Меншікті тілшілер», «Қоғам ТВ», «Qyzylorda», «Аудандар құрамасы» командалары, барлығы 6 команда бақ сынады.

– Қала әкімінің кубогы сарапқа салынған жарыста қалам ұстаған журналистер доп тебуден де шебер екендіктерін дәлелдеді. Әрбіріңіз жеңіс жолында барлық күш-жігерлеріңізді аямай жарысты қыздырдыңыздар, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов.

Тартысты өткен турнирде «Qyzylorda» телеарнасының командасы бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын «Қала әкімдігі» командасына, ІІІ орын «Меншікті тілшілер» командасына бұйырды.

Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен «Сыр медиа» командасының ойыншысы А.Сағындықов, «Үздік қақпашы» «Аудандар құрамасынан» А.Жолтерек, «Үздік шабуылшы» «Қоғам ТВ» командасынан Н.Қалабеков, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Qyzylorda» командасының ойыншысы Б.Қожамұратов марапатталды.

Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына қаржылай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: