Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азия ойындарынан жеткен ақжолтай жаңалық

24.09.2023, 19:55 138

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Жазғы Азия ойындарында дзюдодан Сыр елінің спортшысы Мағжан Шамшадин тәжікстандық қарсыласы Мехрзод Суфиевті жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Бұл – күні кеше салтанатты түрде ашылған дүбірлі додадағы жерлестеріміздің алғашқы жеңісі. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Харим Лиге есесін жібергенімен, тәжікстандық балуанды жеңіп, қазақ еліне қола жүлде тарту етті.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мағжан Шамшадин – «ГРАНД СЛАМ» халықаралық турнирінің және Әлем Кубогының жеңімпазы. Азия ойындарында дзюдодан Сыр елінің тағы екі спортшысы бақ сынайды. Алдағы күндері 81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен 100 келі салмақтағы Нұрлыхан Шархан өнер көрсетеді. Қос спортшымызға да сәттілік серік болсын!

Азия ойындарының қола жүлдесі құтты болсын, жерлестер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: