Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақжүрек Таңатаров: «Бапкерлердің жаман әдеті – қазақтар өспесе екен дейтіні»

24.03.2021, 15:00 1461

Ақжүрек ТАҢАТАРОВ, Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері:

– Кезінде легионер Леонид Спиридоновты оқу-жаттығу жиынында ұрғаныңызды білеміз. Сол оқиғадан кейін қол алыстыңыздар ма, әлде бітіспес жауға айналдыңыздар ма?

– Мен оны бір емес, 3-4 мәрте ұрдым ғой. Олимпиада біткеннен кейін әрине, қазір сөйлесеміз. Бірақ жақсы араласпаймыз. Өйткені спортшының арманы – Олимпиада ойындарына қатысып, медаль алу. Шынын айтсам, 2008 жылы мен нағыз бабымда болатынмын. Салмақты да көп қумаймын. Функционалдық дайындығым 2012 жылғыдан әлдеқайда мықты еді. Сол кезден бастап Спиридоновты сүйреді. Жұрт әсіресе Спиридоновты Қырғыз Республикасында ұрғанымды көп айтады. Ол кезде екеуміздікі де дұрыс емес.

Бірақ біздің қазақтың бапкерлері Леонид Спиридоновты емес, мені бір жылға спорттан шеттетті. Неге дейтін шығарсыз? Өйткені мен қазақпын ғой. Егер мен якут, ол қазақ болғанда Спиридонов шеттетілетін еді. Бапкерлердің жаман әдеті – қазақтар өспесе екен дейтіні. «Қазақтың баласы өсіп кетсе күні ертең мені танымай кетеді. Мен оған жақсылық жасап едім. Ол ұмытып кетеді», – деп ойлай ма?! Оларда қазақ өссін деген әңгіме, ниет болмады.

Дереккөз: “Ақ жол” газетіне берген сұхбатынан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: