Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңатұрмыс ауылы газға қосылды

26.12.2020, 16:15 1243

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді.

Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Байсын ауылына барып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асқан тұрғын үйлерді газға қосу рәсімін көріп, елдің көптен күткен бастамалы ісіне сәттілік тіледі.

– Бүгін біз аудандағы тағы бір игілікті істің куәсі болғалы тұрмыз. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін жыл сайынғы есепті кездесуде ауыл халқының көтеріп жүрген ең басты мәселесі ауылға көгілдір отын тарту болатын. Міне, бүгін сол мақсатқа қол жеткізіп, табиғи газды салтанатты түрде қосқалы тұрмыз. Құны 204 млн теңге болатын бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша мыңнан аса ауыл тұрғындарының қуанышына орай 205 тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етіледі, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Шара барысында арнайы қондырғыдан газ алауы жағылып, Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі Байсын ауылы халқының тұрғын үйлері газға қосылды. Өңір басшысы айрықша сәтте аудан тұрғыны Р.Мұстафаевтың тұрғын үйіне барып, газды пайдалану жұмысын көріп, отбасыға береке тіледі.

Айту керек, биыл аудан орталығы Шиелі кенті 100 пайыз газбен қамтылған. Жақаев елді мекенінде – 260, Бидайкөл елді мекенінде 210 жеке тұрғын үй газға қосылған. Алдағы уақытта Н.Бекежанов, Қодаманов, Ақмая, Алғабас елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: