Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа қызметке шығарып салды

14.06.2025, 2:15 66

Қармақшы аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті.

Мәжілісте аудан басшысы сөз алып, аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Әнуар Айдын Серікұлын басқа қызметке ауысуына байланысты жауапты қызметте бірлесе жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

«Айдын Серікұлы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып құрылыс, сәулет және қала құрылысы жұмыстары, ауылшаруашылығы мен жер қатынастары және коммуналдық салаға жетекшілік жасады. Қызмет еткен уақытында ауданда жүргізілген құрылыс, жол жөндеу, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және жөндеу жұмыстарының толық орындалуына жетекшілік етіп, ірі жобаларды жүзеге асыруға және тиімді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге атсалысты.
3 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, 5 медицина нысандары мен «Руханият» орталығы салынып, пайдалануға берілсе, Жосалы кентінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға 156 пәтер сатып алынды.
Көмекбаев, Ақтөбе, Иіркөл ауылдарының электрі желілері қайта жаңғыртылып, Төретам кенті, Ақай ауылы және Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлері ғазға қосылды.
Бұдан бөлек, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жол жөндеу, көше жарығын қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етті»,- деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан әкімі мәжілісте құрылыс жұмыстарын ілгерілету бағытында еселі еңбек еткен Айдын Серікұлына ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы құрылыс жұмыстары мен су жүйелерін жаңғырту жобаларын тиімді ұйымдастырғаны үшін Байқоңыр кешенінің 70 жылдық мерекелік медалімен марапаттады.

Өз кезегінде Айдын Серікұлы көрсетілген құрметке алғысын айтып, аудан басшылығына жылы лебізін білдірді.

Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық мәслихат төрағасы Ә. Қошалақов және қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов Айдын Серікұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, баталарын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: