Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ысмағұлов неге ығысты?

01.06.2020, 11:05 1395

HALYQLINE.KZ Осыған дейін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болған Болатбек Ысмағұлов өз еркімен қызметтен кетті. Біршама жылдан бері ауданда лауазымды қызмет атқарған оның кенеттен «креслосын» неге босатқаны белгісіз. Белгілісі мынау.

Жақында «Фейсбук» әлеуметтік желісін қолданушы Н.Байменов «Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов неге бәрінен «жиіркеніп» жүр? «Бәрінен жиіркенемнің» астарында не бар екен?» деп жазба жариялаған. Бұл жазба ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңестің назарына алынады. Бұдан әрі ресми орган өз құзыреті шеңберінде аудан әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген.

– Тексеру барысында бейнесюжеттен Б.Ысмағұлов Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылының тұрғындарымен кездесу барысында «жиіркеніп тұрмын», барлығынан «жиіркеніп тұрмын» деген сөздер айтылғаны анықталып отыр. Осыған сәкес 13 мамыр 2020 жылғы хатпен Шиелі ауданы әкімінің атына Б.Ысмағұловтан түсініктеме алып, Хатшылыққа ұсыну сұратылған болатын. Алайда Шиелі ауданы әкімі аппаратының 2020 жылғы 14 мамырдағы №10/1-3/685 хатына сәйкес Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов Шиелі ауданы әкімінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №72-ө өкімімен өз өтінішіне сәйкес атқарып отырған қызметінен босатылғандығы хабарланды, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Сәкен Жұмаев.

Сөйтіп, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шиелілік экс-шенеунікке қатысты тәртіптік істі тоқтатты. Айдың күннің аманында Болатбек Ысмағұлов қызметтен неге ығысты? Десе де, Шиелі ауданы әкімдігінің ресми сайтында Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы аудан әкімінің орынбасары ретінде әлі тұр. Шамасы, сайтқа жауаптылар шенеуніктің қызметтен кеткенін естімесе керек…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: