Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тоқаев үмітімізді ақтамаса, қазақ халқы маңдайынан мәңгі соры кетпеген ел болады»

19.12.2023, 15:30 304

Фото: brod.kz

Кинорежиссер Талғат Теменов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Қазақстан халқының соңғы үміті президент Қ.Тоқаев екенін айтты.

“Қазақ халқы қашанда оптимист болған, бізді 30 жыл бойы алға сүйреген үміт. 70 жыл бойы коммунизм болады деп алдаса, 30 жылда біз дамыған 30 елдің қатарына кіреміз, дамыған 50 мемлекетке қосыламыз, Дубай мен Катардан артық өмір сүретін боламыз деген, көшенің тілімен айтқанда, құлақтан тепкен идеология болды. Дұрысы, идеология болған жоқ, идеологияның барлығы алдауға құрылды. Шындық өлген кезде де адам үмітпен өмір сүреді. Қазіргі соңғы үмітіміз – президентіміз Тоқаевта. Үкілі үмітімізді осы азаматқа арнап отырмыз. Егер қазіргі президентіміз үмітімізді ақтамаса, онда қазақ халқы маңдайынан мәңгі соры кетпеген ел болады. Әбеңнің “Соңғы парыз” романы еске түседі осындайда. Мен роман жазсам, “Соңғы үміт” дер едім. Қазақ халқы қазір соңғы үмітпен өмір сүріп отыр”, – деді ол.

Сонымен қатар, Т.Теменов Қаңтар оқиғасына мемлекеттік төңкеріс деп баға берді.

“Бұл мемлекеттік төңкеріс Тоқаевтың уыстан шығып бара жатқанын кешірмегендіктен жасалған. Оны жасаған Назарбаевтың қасындағы жандайшаптары. Яғни орындалмаған реванш. Олар Тоқаевты үркітеміз деп ойлады, бірақ оған Тоқаев көнбеді. Өйткені Тоқаев халыққа сенді, халық Тоқаевқа сенді”, – деді кинорежиссер.

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасынан кейінгі үтік басу, тырнақ астына ине тығу секілді репрессияларды да Тоқаевтың атын жамылған қанішерлер жасаған.

“Олар адамның ақылына сыймайтын фашизмге дейін барды. Бұл – халықты тағы да ашуландыру үшін, алаңға шығару үшін қасақана жасалған дүниелер”, – деді Т.Теменов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: