Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістан облысының әкімі лауазымын сақтап қалды

01.12.2022, 16:00 314

 HALYQLINE.KZ Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды, – деп хабарлайды  Ақорда сайты.

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары – премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Дархан Сатыбалды 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған болатын.

Дархан Сатыбалды 2022 жылы тамызда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: