Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шығыс Қазақстан облысына Көшербаев келді

16.06.2023, 9:48 204

HALYQLINE.KZ

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар президент жарлығымен Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімін тағайындауға келісім беру үшін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында екі кандидат ұсынылды.

Олар – Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Дауыс беру қорытындысы бойынша: Ермек Көшербаевқа – 117, Дархан Сапановқа 36 дауыс жинады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: