Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қалалық жер қатынастары бөліміне жаңа басшы келді

05.08.2021, 16:45 1529

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2021 жылғы 5 тамыздан бастап Омаров Бекмұрат Тәліпұлы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бекмұрат Тәліпұлы 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерді үйлестіруші инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда облыстық жерді қорғау және пайдалануына бақылау жасау жөніндегі инспекциясының жетекші маманы қызметінен бастаған.

1997-1998 жылдары Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы;

1998-1999 жылдары Қызылорда мемлекеттік жер инспекциясының жетекші маманы;

1992-2002 жылдары Қызылорда облыстық жерді қорғау және бақылау жасау жөніндегі инспекциясының бас маманы;

2003-2004 жылдары Қызылорда Мемлекеттік еншілес кәсіпорны ҒӨО-ның Сырдария жер-кадастрлық филиалының инженері;

2004-2006 жылдары Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару басқармасының Сырдария аудандық жер ресурстары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;

2006-2011 жылдары Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;

2011 жылдың қаңтар айынан батап осы кезге дейін Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: