Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Қызылорда” автобус паркі” ЖШС-ның директоры тағайындалды

09.12.2022, 10:25 573

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Файзуллаевтың 2022 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы “Қызылорда” автобус паркі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымына тағайындалды.

Жүсіп Мақсат Өмірбекұлы 1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2003 жылы «PetroLogistics» ЖШС Оңтүстік аймақтың өкілі қызметінен бастаған.

2005-2021 жылдар аралығында «НК»-«КТЖ» АҚ-да әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.

VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты болып сайланған. 2022 жылдың 3 маусым айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің басшысы орынбасары қызметін атқарып келді.

Пікірлер:
  • Қызылорда автобус паркінің директорына алғысымыз шексіз. Автобустар жаңарды. Енді 23-ші автобусты қайтадан Алфараби көшесімен жүргізуін талап етудеміз соны қолға алсаңыз жақсы болар еді. Халық қиналмас еді

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: