Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық мәдениет үйінің директоры тағайындалды

07.02.2023, 15:20 368

HALYQLINE.KZ Молжігітов Алмасбек Жақсылықұлы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындалды.

Алмасбек Жақсылықұлы 1982 жылы 6 наурызда Қызылорда обылысы, Арал ауданы, Көктем елді мекенінде дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Өнер факультеті» «Дәстүрлі өнер жыр» кафедрасына қабылданып, 2006 жылы тамамдайды.

Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда қалалық «Мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК мәдени ұйымдастырушысы болып бастап, 2008 жылы аталмыш кәсіпорынға қарасты Белкөл кентінің клуб меңгерушісі, 2014 жылы Белкөл кенті әкімінің аппараты, Белкөл кентінің клубы МКҚК-ның директоры, 2017 жылы «Арал аудандық мәдениет үйі» КМҚК директоры, 2019 жылы Қызылорда облыстық филармониясының Бас әкімшісі қызыметтерін аброймен атқарып, кент, аудан, облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасылы, 5 баланың әкесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: