Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

24.03.2023, 12:10 170

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы жеке құрамға жаңадан тағайындалған тергеу жөніндегі орынбасарын таныстырды.  Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне ауыстыру тәртібімен   полиция полковнигі Досжанов Амангелді Асқарұлы тағайындалды. Досжанов Амангелді Асқарұлы   ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін тәмамдаған.  Еңбек жолын  тергеу саласынан бастаған.

Маңғыстау облысы ІІД Маңғыстау ауданының ІІБ бастығы, Мұнайлы ауданының ІІБ бастығы, Жаңаөзен қаласының ІІБ бастығы  қызметін атқарды.  2018 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары  қызметін атқарды.

Полиция полковнигі Мұхтар Аманқұлұлы жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: