Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

08.11.2022, 9:15 71

HALYQLINE.KZ Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық тағайындауларға байланысты жиын өтті. Басқосуда аймақ басшысы бірыңғай конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлының қызметіне сәттілік тілеп, зор жауапкершілік жүктелгенін жеткізді.

– Қамбарбек Амангелдіұлы жоғары басқару сатыларынан өткен, тәжірибелі маман, жауапты салаларда басшылық қызмет атқарған, әлеуеті жоғары кадр. Соңғы жылдары өңірімізде мұнай-газ өндіру қарқыны төмендеп, шикізат көзі азайып келеді. Мұнай-газ секторындағы тәуелділіктен арылып, басқа да шикізат көздеріне бағытталған экономиканы әртараптандыру қажет. Бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту міндеті тұр.

Сол себепті, Қамбарбек Амангелдіұлы алған білім мен жиған мол тәжірбиесін күрделі де жауапты қызметті атқарып, кәсіпкерлікті дамыту мен өнеркәсіпті өркендетуге жұмсайтындығына сенімдіміз, – деді Н.Нәлібаев.

Қамбарбек Мүбараков 1973 жылы дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «экономист – менеджер», Қызылорда гуманитарлық институтын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Өзгент совхозының орталық қырманының слесарі болып бастаған. Әр қызметті асқан жауапкершілікпен орындап, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара білді. Әр жылдары облыс бойынша салық комитетінің маманы, аға салық инспекторы, сондай-ақ, Шиелі және Жаңақорған аудандарының салық басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2004-2008 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің төраға орынбасары болды.

2011-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, 2021 жылдан осы кезге дейін «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: