Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысына қайта әкім болды

01.12.2022, 12:20 322

 HALYQLINE.KZ Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып қайта тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. ЖОО-нын экономика және қаржы, заң мамандығы бойынша тәмамдап, іскерлік әкімшелендіру бойынша магистр дәрежесін алды. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ мемлекеттік заң академиясында және Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде оқыды.

Мансабын Алматы қаласының салық жүйесінде жұмыс істеуден бастады. Одан кейін қаржы министрлігінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Кейіннен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына ауысты. Ал 2018 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік кірістер бөлімін басқарды. Сондай-ақ, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы болып жұмыс істеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: