Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ермек Маржықпаев – Ақмола облысының әкімі

02.12.2022, 16:27 292

HALYQLINE.KZ Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы 1969 жылы 29 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетін, 2009 жылы Көкшетау университетін бітірген. Тарих мұғалімі, заңгер, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын 1991-1992 жылдары дене шынықтыру мұғалімдері, бокстан жаттықтырушы, орта мектептің тарих мұғалімдері болып бастады. 1992 жылдан 1995 жылға дейін «Шонай» ШЖК директоры лауазымына тағайындалды. 1995 жылдан 2008 жылға дейін «Береке-Бурабай» ШЖК (ЖШС) бас директорының міндетін атқарды. 2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды. 2008-2012 жылдар аралығында Аршалы ауданының әкімі, 2012-2013 жылдар аралығында Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылдан 2014 жылға дейін құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері бойынша Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

2015 жылдың қаңтарынан бастап Көкшетау қаласының әкімі.

«Құрмет» орденімен (2011), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері ( 2007), Үздік кәсіпкер (2002) атағын иеленген. Бокстан спорт шебері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: