Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқармаға жаңа басшы келді

12.05.2022, 16:45 260

HALYQLINE.KZ Бүгін актив отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан тағайындалған бірқатар басқарма басшыларын таныстырды.

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметіне Дәрібаев Айдос Нағымадинұлы тағайындалды.

Айдос Нағымадинұлы 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Оқи отырыңыз:

Еңбек жолын «KEGOC» (КЕГОК) акционерлік қоғамының инженері болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының Сырдария, Қазалы аудандық, Қызылорда қалалық электр тораптарының директоры қызметтерін атқарды.

2014-2018 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссиясы Энергетика департаментінің консультанты, Алматы, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры ретінде жұмыс жасады. Аймақ басшысы жаңа қызметке кіріскен Айдос Дәрібаевқа сенім білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

– Айдос Нағымадинұлы жас та болса, іскерлігімен танылып, білікті маман ретінде өзін дәлелдеген азамат. Энергетика саласының барлық сатысынан өткен, орталық деңгейде жұмыс жасаған тәжірибесін ескере келе, осы саланың жандануына күш салып, алған білімі мен жиған тәжірибесін тиімді пайдаланады деген сеніммен шақырдым, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: