Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелінің базарынан өрт шықты

28.02.2020, 10:14 415

Кеше түнде Шиелі ауданындағы орталық базар өртке оранды. Лезде әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар тарап кетті.

– 27 ақпан күні 22 сағат 12 минутта Шиелі ауданы, Байтұрсынов көшесі 8 «А» мекенжайындағы орталық базарда орналасқан көлемі 275 шаршы метр болатын көкөніс дүкенінде өрт оқиғасы болып жатқаны жөнінде құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шиелі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көлемі 275 шаршы метр болатын дүкен толықтай қызыл жалынға оранып, жанып жатқаны анықтады. Өртті оқшаулауға өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер және 4 бірлік автокөлік жұмылдырылды, – дейді Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару» ММ баспасөз қызметі.

Ресми орган мәліметіне сенсек, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: