Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серік Әбдірахманов: «Біздің кезде депутаттардың 80 пайызы «ұры жүйенің» өкілі болатын»

17.11.2023, 16:35 719

HALYQLINE.KZ

Саясаткер Серік Әбдірахманов «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында депутаттар сайлауын сынады. Ол сайлау жүйесінің әділетсіздігін айтып, заңсыздықты байқағанын жасырмады.

«Қазіргі депутаттардың ешбірі халық арқылы сайланған жоқ. Желіден көріп отырмыз, депутаттарды сайлау кезінде келіншектер бюллетеньді етегіне тығып, жәшікке толтыра салып жатқанын байқайдық. Сол «сасық» бюллетень арқасында депутат болғандар. Бұрын депутаттардың 80 проценті ұры жүйенің өкілі болса, қазір 100 процент депутат – ұры жүйенің өкілі», – деді саясаткер.

Сондай-ақ арна тілшісі Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың жөнсіз заңдарды өзгертуге қатысты пікірін айтып, сол заңдардың Серік Әбдірахманов тұсында қабылданғанын жеткізген. Бұл пікірге экс-депутат заңдарды «Назарбаев ұрылары» қабылдағанын айтып ақталды.

«1999 жылы Серікболсын Әбділдинмен бірге «Назарбаевтың ұрылары» дайындаған заңға түзетулер енгізуге тырыстық. Сондықтан ол заңдардың бәрі Назарбаев ұрылары, яғни ұры жүйенің депутаттары дайындап, шегелеп, солардың мақұлдауымен өтіп кетті. Тек кейбіріне қарсы тұруға шамамыз келді. Қателік жіберген жеріміз бар. Негізі Ата заңға өзгеріс енгізу керек», – деді саясаткер.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: