Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлаудың мерзімі тақап тұр

15.05.2020, 10:45 450

HALYQLINE.KZ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюгенің айтуынша, Еуропа елдерінде індет екінші мәрте қайталануы мүмкін.

Оның айтуынша, COVID-19 індетінің екінші толқыны алдыңғысынан ауыр болады. Адам өлімі көп болуы ықтимал. Сондықтан денсаулық сақтау саласына нығайтулар енгізу қажет. Бұл жолы эпидемияның ошағы Шығыс Еуропаға қарай ойысуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда Ресей, Украина, Беларусь елдеріне қауіп төніп тұр. Сонымен бірге індет Қазақстанда да өршуі мүмкін. Клюгенің айтуынша, билікке деген сенімсіздік, пандемияның әдейі қолдан жасалғаны жөніндегі таным-түсінік дертпен күресуге үлкен кедергі келтіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің шарықтау шегінен өткенімізді, бірақ арқаны кеңге салуға болмайтынын айтты. Дегенмен күзде, қыста келетін індеттің екінші толқынына сақадай сай болуымыз қажет. Ол үшін билік жазда біраз шаруаны жайғап алуы тиіс. Ең алдымен сайлау мәселесі шешілуі тиіс. Мәжіліс сайлауы биыл өтуі әбден мүмкін. Мәжілістің осы шақырылымының мерзімі келесі жылдың наурызында бітеді. Ал сайлау науқанының бұдан екі ай бұрын басталатынын ескерсек, алдағы саяси доданың өте қолайсыз кезеңге сәйкес келіп тұрғанын аңғару қиын емес. Сондықтан карантин мерзімі аяқтала салысымен билік Мәжіліс сайлауын өткізуге дайындалады. Оның мерзімі жаз айларына белгіленуі мүмкін. Сондай-ақ, Сенат сайлауының да мерзімі тақап тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: