Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейдің «Байқоңырды» жалдау мерзімі ұзартылды

25.06.2021, 12:10 351

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Байқоңыр кешенін жалдау келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдаған.

Аталған Заңда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр»  кешенін жалдау туралы шарттың 4 бабына өзгерістер енгізіліп, кешенді жалдау мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылатыны айтылған.

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын кеңейтуді және «Союз-2» зымыран тасығышын ұшыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тараптардың міндеттерін нақты шектеуді көздейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: