Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025, 18:35 81

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев саммитте:

Өңір елдерінің тату көршілік қарым-қатынасқа, достық пен қолдауға арқа сүйеген ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған үлгісі қалыптасқанын атап өтті.

Қытай Қазақстанның мәңгі әрі стратегиялық серіктесіне, нағыз досына айналғанына назар аударды.

Жоғары технологиялық өндірістер және агро жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Негізгі көлік дәліздерінің әлеуетін пайдалануды, Каспийдегі «Құрық» портында жүк терминалын бірігіп салуды ұсынды.

Энергетика саласындағы ықпалдастықты өңірдің орнықты дамуына әсер ететін ең басты факторлардың бірі ретінде атады.

ҚХР-мен ядролық энергетика, жасанды интеллект, биотехнология және кванттық есептеу салаларын дамытуда орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенімізді жеткізді.

Келесі жылды «Білім беру және ғылыми зерттеулер жылы» деп жариялауды ұсынды.

«Орталық Азия – Қытай» форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеу қажет деп санайтынын айтты.

Қытай – Орталық Азия өңірінің басты сауда серіктесі

95 млрд $ – Аймақтың Қытаймен арадағы сыртқы саудасы;

Аталған көрсеткіштің 46 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Қазақстанда Қытай капиталының үлесі бар 5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді

Әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған.

t.me/aqorda_resmi

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: