Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент бейнеүндеу жасайды

29.03.2021, 17:40 383

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін кешке «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады», – деп жазды Берік Уәли өз Facebook парақшасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: