Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін Астанада Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтеді

28.08.2026, 9:45 32

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, отырыс сағат 11:00-де басталады.

Бұл – 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауынан кейінгі жаңа заң шығарушы органның алғашқы отырысы, деп жазады inbusiness.kz.

Құрылтай құрамына 145 депутат енді. Орталық сайлау комиссиясы олардың өкілеттігін 27 тамызда ресми түрде тіркеді.

Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы 110 мандат алды. «Ауыл» партиясына – 10, Respublica-ға – 9, «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 8 мандаттан берілді.

Алғашқы сессия барысында депутаттар ант қабылдап, Құрылтайдың басшылық органдарын қалыптастыру мәселелерін қарауы күтіледі. Жаңа органның жұмысы Қазақстандағы бір палаталы заң шығарушы жүйенің басталғанын білдіреді.

Фото: Нұргүл Тапаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: