Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЖСН туралы мәліметті қалай аламын?

26.08.2020, 17:00 1614

HALYQLINE.KZ Бүгін #oqy&toqy айдарында біздің өміріміздегі ең маңызды ақпарат – ЖСН туралы ақпаратты онлайн да оңай алуды жазатын боламыз. Ондай болса:
Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолы арқылы «ЖСН туралы мәліметтер алу» қызметін табыңыз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

ЖСН иесі туралы мәліметтерді ресми құжат бойынша толтырыңыз;

«Маңызды құжат нөмірі» деген жолға ЖСН иесінің жеке басын куәландыратын кез келген құжат нөмірін енгізесіз;

Сұранысты жіберіңіз;

Жауап 1 минуттың ішінде порталдың сол парақшасына шығады.

Бұл қызмет ЭЦҚ қажет етпейді;

Мәліметтері енгізілген тұлғаның жасы 16-ға толмаған жағдайда, Мемлекеттік деректер қорында ЖСН туралы мәлімет болмайды. Себебі кәмелетке толмаған тұлғалар туралы деректер 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: